Компания тарихы

Terminal Logistics Services компаниясының тарихы тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихымен тығыз байланысты.

Жас мемлекет алдында тұрған жаңа міндеттер жаңа идеялардың, сервисті жетілдірудің тиімді тәсілдерінің пайда болуына жол ашты. Біз осы мүмкіндіктерді пайдаланып, салада алғашқылардың бірі болуға ұмтылдық.

Қазақстандағы жазу машинкасында басылған алғашқы кеден декларациясы

әлемдік деңгейдегі компаниялармен серіктестікте Солтүстік Каспийде мұнайды игеру және өндіру жобаларын іске асыруға қатысу

сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың мүддесі үшін кеден заңнамасын өзгерту жөніндегі жұмыс топтарына қатысу

шетелдік компанияларды құқықтық сүйемелдеу, оның ішінде Америка сауда-өнеркәсіп палатасы және Қазақстанның Еуропалық бизнес қауымдастығы арқылы

Қазақстанның Азиядан Еуропаға баратын ірі сауда бағыттарының тоғысында орналасуы оны жүкті жеткізу құны мен мерзімін қысқарту бағаланатын жаһандық жеткізілім тізбектеріне қосылу үшін тартымды транзиттік торап етеді.

Terminal Logistics Services әлемнің 100-ден астам еліндегі 300-ден астам сенімді көлік компанияларын біріктіретін жаһандық серіктестік желісін пайдаланады.

Terminal Logistics Services қауіпсіздік пен сенімділікке кепілдік беріп, тарихи тұрғыдан ең қажеттісін ұсынып келеді:

адал әрі тиімді коммуникация

тапсырыс берушінің жеке қажеттіліктеріне бейімделген дәл жоспарланған процестер;

уақытылы әрі сапалы қызмет

өзекті форматта және белгіленген мерзімде ұсынылатын есептілік.

Terminal Logistics Services бүгінгі таңда күрделі өнеркәсіптік жобаларға арналған жеке кешенді шешімдер саласындағы үздік командаға ие.

Әлемдік деңгейдегі компаниялармен жұмыс істей отырып, біз тапсырыс берушілеріміз үшін жүкті алу процесін жеңілдететін, жеке тәсілге негізделген, кешенді және икемді логистикалық шешімдерді дамытамыз.

Логистика және кедендік рәсімдеу саласындағы сарапшыларымыз күн сайын кез келген күрделі міндеттерді шешуге дайын.

Terminal Logistics Services сіздің командаңызды күшейтенін сенімді серіктес болып табылады, ол сіздің бизнес мақсаттарыңызды терең түсініп, бүгін де, болашақта да жеткізілім тізбегін жылдам әрі тиімді оңтайландыруға көмектеседі.


Жүгіңіз бойынша арнайы шешім алыңыз!